Біз
әлеуметтік
желіде
07-06-25 |
180 рет қаралған
Қарағандыда ер адам суицид жасамақ болды.
Қарағандыда ер адам суицид жасамақ болды

Қарағандыда ер адам 9-қабаттағы балконнан секірмек болған. Оқиға 5 маусым күні Тәттімбет көшесінде болды.

Полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында 39 жастағы азамат құтқарылды. Көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы балконның сыртында арқанға ілініп тұрған ер адамды көрген куәгерлер бірден құтқару қызметтеріне хабар берген.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, шұғыл әрекетке көшкен. Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Адлет Амирбеков ер адамды әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.

— Құтқарушылар есікті ашуға әрекеттеніп жатқанда, мен балкон сыртында тұрған ер адаммен сөйлесуге тырыстым. Уақыт санаулы еді. Әріптестерім төменгі қабатта сақтық шараларын бақылап тұрды. Ақыры бір сәтте оны ішке қарай тартып үлгердік, — дейді ол.

Құтқару операциясы бірнеше минутқа ғана созылғанымен, әр секунд қымбат еді. Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен батылдығы үлкен қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазіргі таңда құтқарылған азамат медициналық бақылауда. Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетуде.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.