Біз
әлеуметтік
желіде
05-06-25 |
390 рет қаралған
«Торпедо» хоккейшісі әріптесінің өлімінен кейін қамауға алынды.
«Торпедо» хоккейшісі әріптесінің өлімінен кейін қамауға алынды

Өскемен қаласының соты клубтасы қайтыс болғаннан кейін Андрей Лагуновқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті. Сот қаулысына сәйкес, Лагуновқа ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 4-бөлігі – «Ауыр зардаптарға әкелген өзінше билік ету» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша мүмкін жаза — 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Жасөспірімдер командасының 19 жастағы қақпашысы Иван Пыленок былтыр 2 тамызда ауруханада көз жұмған. Қақпашы өзін жайсыз сезінген, бірақ дәрігерлердің көмегіне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Иван есінен танып қалмай тұрып, қазіргі күдікті Лагуновпен сөзге келіп қалған. Бұл жағдай бейнежазба арқылы расталған. Қақтығыстың себебі сынып қалған желдеткіш болуы мүмкін екені айтылуда.

Қайтыс болған жігіттің ата-анасы ұлдарының өліміне дәл осы шабуылшы Лагуновты кінәлайды. Олардың адвокатының өтініші бойынша сот бұлтартпау шарасын қатаңдатты.

Ата-аналарды ашуландырғаны — Қазақстаннан шығуға тыйым салынғанына қарамастан, ресейлік форвард Лагунов «Торпедо» құрамында сырт алаңда өткен ойындарға қатысып жүрген. Белгілі болғандай, хоккей клубы оған жаңа келісімшарт ұсынбаған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.