23-01-24 |
4310 рет қаралған
Жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханаларының қабырғасы жарылып кетті.
Жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханаларының қабырғасы жарылып кетті

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатыр.

» ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханаларында құрбандар мен қираулар болды деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз дереу ақпараттық хабарлама жібердік, біздің өкілдер барлығын орнында тексерді, бар-жоғына көз жеткізді. Ұсақ жарықтар пайда болды, бірақ құлау қаупі жоқ. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде жағдай толығымен бақылауда, біз барлық ректорлармен байланыстамыз», – деді Саясат Нұрбек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.