
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды.
Тергеу аясында 8 кіші комиссия құрылып, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларының сарапшылары мен мамандары да тартылды.
Тергеу барысы туралы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, комиссиялар мен кіші комиссиялардың мүшелері оқиғаны көзімен көрген куәгерлер арасында сауалнама жүргізді, өндіріс технологиясын зерттеп, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын тексерді, тиісті сараптамалар жүргізілді.
Комиссия тау-кен қазбасынан метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғалар тобы белгілі болды.
Жиында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев апатта қаза тапқандардың отбасыларына әлеуметтік қолдау мен көмек көрсету және өтемақы төлеу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта «Жомарт» кенішінің жұмысы тоқтатылды. Комиссия қауіпті өндірістік объектілерде осындай оқиғалардың алдын алу шараларын әзірледі.
Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға бұзушылықтарды жою мен апаттардың алдын алу бойынша, оның ішінде кеніштегі қауіпсіздікті арттыру, ауадағы газ құрамын анықтаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, бейнебақылау орнату және басқа да бірқатар тапсырма берді.
Тергеу жұмыстары жалғасуда әрі ұдайы бақылауда болады.
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025
-
05.03.2025