Жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні кешке Алматы-Боралдай-Шамалған станциясы автожолындағы теміржол өткелінде орын алған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бағыттық автобустың жүргізушісі көмір станциясынан келе жатқан пойызға жол бермеген.
Соқтығысу Боралдайдағы өткелінде болды. Алты адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.