18-03-22 |
580 рет қаралған
ЕАЭО елдері өзара рубльмен есеп жасайды – Решетников.
ЕАЭО елдері өзара рубльмен есеп жасайды – Решетников

Евразиялық экономикалық одақ елдері өзара рубльмен есеп айырысады. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников айтты.

«ЕАЭО өзара рубльмен есептеседі, шетел валютасында емес. Бұл Ресей үшін өте маңызды», – деді ол евразиялық экономикалық комиссияның отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, бұл Ресей үшін бүгінгі күні аса маңызды мәселе.

Ресей Украинаға басқыншылық жасап, соғыс ашқаннан бері Ресей экономикасы санкция салынған елдердің көшін бастап, оқшауланды. Рубль құнсызданды. Ресей экономикасы күрт құлдырап кетті. 

Ресей билігі әртүрлі шаралар жасап жатқанымен экономикасына үлкен қауіп төніп тұр.

Евразиялық экономикалық одақ Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Бұл ұйымнан Қазақстан экономикасы зиян шегіп жатқаны көптен айтылып келеді. Бірақ Ақорда Кремь ықпалымен ұйымнан шыға алмай келеді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.