Біз
әлеуметтік
желіде
21-03-25 |
980 рет қаралған
Хан ордасы Көкшетауға Донецкіден архиепископ тағайындалды.
Хан ордасы Көкшетауға Донецкіден архиепископ тағайындалды

2025 жылы 20 наурызда Мәскеуде Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің төрағалығымен Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысы өтіп, онда Көкшетауға жаңа архиепископ тағайындалған.

«Көкшетау мен Ақмолаға Донецк епархиясының викары, құрметті Новоазовский Варсонофий архиепископ болсын, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айының соңында Көкшетау және Ақмола Серапион архиепископы Ресейдің Нижний Новгород облысында жол апатынан опат болған. Ол Рождестволық оқуларға қатысу үшін Көкшетаудан Мәскеуге бар жатқан. Ал оның серігі Көкшетау кафедралды соборының діни қызметкері иеромонах Евлогий (Шербак) миы шайқалып ауруханаға жеткізілген.

Донецк Украинаның Ресей басып алған аймағы. Қазақстан Ресей басып алған Украина территориясын орыс жері ретінде ресми мойындаған емес.

Орыс  православ шіркеуі 2022 жылы Ресей Укрианға шабуыл жасаған сәттен бастап, ресми Мәскеудің ұстанымын жақтап шықты. Орыс  православ шіркеуі бірнеше рет соғыс ақтап сөз сөйлеп, Ресейдің Украинаға қарсы пропагандасына қосылған. Орыс  православ шіркеуінің бұл әрекетін әлемнің көптеген дамыған елдері сынап, айыптаған. Орыс  православ шіркеуінің патриархы Кирильге жеке санкция да салынған.

Сондай-ақ Қазақстанда «Россотрудничествоға» қарайтын «Орыс үй» ұйымдары да жұмыс істейді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.