Біз
әлеуметтік
желіде
28-05-25 |
450 рет қаралған
Иманғали Тасмағамбетов Бішкекте ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысын өткізді.
Иманғали Тасмағамбетов Бішкекте ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысын өткізді

2025 жылғы 28 мамырда Бішкекте Қырғызстан төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Біріккен штаб бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков қатысты.

Отырыста ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдай жан-жақты талқыланып, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

2026–2030 жылдарға арналған әскери ынтымақтастықты жоспарлау, бірлескен дайындықтарды ұйымдастыру, ҰҚШҰ күштерін басқару тетіктерін жетілдіру бойынша құжаттар қабылданды.

Сондай-ақ қатысушылар 2025 жылғы 9 мамырда Мәскеуде өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл парадқа ҰҚШҰ елдерінің әскери бөлімдері де қатысқан.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.