01-12-20 |
760 рет қаралған
Израильде Назарбаевтың атында тоғай бар.
Израильде Назарбаевтың атында тоғай бар

Израильде Назарбаевтың атында тоғай бар. Еврей ұлттық қорының бас директоры Игаль Ясинов бұл тоғайдағы кейбір ағаштарды Елбасының өзі және әр уақытта Израильге келген Қазақстанның басқа өкілдері отырғызған. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Израильдің орталығында орналасқан осы ормандағы тоғайдың атымен аталған жалғыз шет мемлекеттің басшысы» деп хабарлайды СІМ.

1-желтоқсанда Израильдегі Қазақстан елшілігінің ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайға барып, ағаштарды тексеріп, суарып, тоғай аумағын тазартқан.

1-желтоқсан Қазақстанда тұңғыш президент күні есебіне аталып өтеді.

1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды. Айта кетерлігі, Президент лауазымына үміткер ретінде сайлауға 3 кандидат ниет білдірген болатын. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Хасен Қожа-Ахмет. Кейіннен сайлау күніне аз қалғанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын мәлімдеп, сайлаудан өз кандидатурасын алып тастады. Ал Хасен Қожа-Ахмет өзін қолдайтын сайлаушылардың ең төменгі шегін жинай алмай, Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде бірден-бір кандидат болып шықты. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сайлауда 98,7 пайыз дауыс алған.

2011 жылғы 14 желтоқсанда сол кездегі мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.