Құжатқа қол қою Лондонда өтті. Онда ҚР ҚМ Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы ресми сапармен болды.
Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.
Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.