10-04-19 |
2260 рет қаралған
Н.Назарбаев: Партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек.
Н.Назарбаев: Партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының орталық аппаратына барып, елімізде болған соңғы саяси оқиғаларға байланысты партияның алдында стратегиялық маңызы бар бірқатар міндет тұрғанын айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев партияның құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қатысуымен өткізген кеңесте «Елімізде болған оқиғалар барша жұртқа белгілі. Мен партияның, Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып қала беремін» деп өзінің жаңа қызметіне тоқталып, партияның президент сайлауына кандидат ұсыну қажеттігін де айтқан.

«Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Партиямыздың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады» деді Назарбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.