20-06-19 |
5920 рет қаралған
Назарбаев: Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды.
Назарбаев: Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды

«Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды», деді Қазақстанның бірінші президенті, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, Н.Назарбаев туған жері – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылуында сөйлеген сөзінде. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Спорт кешенінде бокс, күрес және тренажер залдары, жүзу бассейні, теннис корты, көпфункционалды залдар және басқа да спорт инфрақұрылымдары бар көрінеді.

Назарбаев өзінің балалық шағында мұндай спорт кешендері болмағанын, қазіргі жастарға мол мүмкіндік жасалғанын да айтқан.

Спорт кешенінің ашылуында қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасымен бірге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та жүрді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.