22-01-22 |
350 рет қаралған
«Оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды».
«Оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды»

Президент Тоқаевтың төрағалығымен президент әкімшілігі, қауіпсіздік кеңесі, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министрліктері басшыларының кеңесі өтті.

Кеңесте президентке айтылған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебіне қарағанда, терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған.

Ал бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, ұсталған және тұтқындалған азаматтардың бәрі қорғау, заңды көмек алу, шағым жасау құқығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардан 84 шағым түскен. Қадағалау шаралары бойынша ұсталған 96 адам босатылған. Сондай-ақ әкімшілік тәртіпке сәйкес соттардың шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Президент Тоқаев кеңес барысында: «Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс, – деді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.