09-03-24 |
60110 рет қаралған
Полиция күшпен ұстап әкеткен Рысбек Сәрсенбайұлы жан сақтауға бөліміне түсті.
Полиция күшпен ұстап әкеткен Рысбек Сәрсенбайұлы жан сақтауға бөліміне түсті

Белгілі қоғам қайраткері, марқұм мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туған ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы полиция күшпен ұстап әкеткен. Кейін оның денсаулығы күрт нашарлап, полиция жедел жәрдем шақырып, аурухана жеткізген. Қазір Рысбек Сәрсенбайұлы жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы оның жары Маржан Аспандиярова мәлімдеді. Әрі бұл хабарды адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюрода растады.

Рысбек Сәрсенбайұлының жақтастарының хабарлауынша, ол саяси тұтқындар жөнінде баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлаған екен. Полиция оны сол шараның алдында күшпен ұстап әкеткен.

Әзірге Рысбек Сәрсенбайұлына қатысты ресми органдар мәлімдеме жасаған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.