11-09-19 |
1340 рет қаралған
Президент Қытайға барды.
Президент Қытайға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытайға барды. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді. Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған», – деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент сапарға шығарда Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат беріп, екі елдің қарым-қатынасы туралы айтқан еді.

Біраз уақыттан бері Жаңаөзен және тағы бірнеше қалада Қытайдың Қазақстанда салынатын 55 зауытына, Қытай экспансиясына қарсы акциялар өтіп келеді. Акция шығушылар президент Тоқаевты Қытайға сапарға барудан баст тартуға шақырған. Алайда, олардың талабы орындалмады. Есесіне, вице-прьемер Жеңіс Қасымбек Қазақстанда Қытай жобаларының қалай жүзеге асып жатқаны туралы мәлімет берді.

Жеңіс Қасымбек: 55 зауыттың 15 іске қосылған

Сондай-ақ, Қазақстанда қанша Қытай азаматы шетел жұмысшыларына берілетін квота бойынша келіп, жұмыс істеп жатқаны да белгілі болды.

Қазақстанда қанша Қытай жұмысшылары бар?

Қытайдың Қазақстандағы экономикалық жобаларына қарсы акциялар басталған кезде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо пікір білдіріп, қоғам сынына ұшыраған еді.

Чжан Сяо: Естерің дұрыс па?

Міне, соңғы бірнеше аптада Қытайға қатысты қоғамдық-саяси өмірдегі осындай жағдайларға қарамастан президент Қытайға ресми сапармен барды. Сапар қандай нәтижелері қандай болатынын уақыт көрсетеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.