13-05-22 |
370 рет қаралған
«Референдум – мемлекетімізді жетілдірудің басты қадамы».
«Референдум – мемлекетімізді жетілдірудің басты қадамы»

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутатарымен кездесті.

– Мемлекет басшысы суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы білуі керек. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс,- деді Ерлан Саиров.

Жиын барысында облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары да өз сауалдарын қойып, өтініштерін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.