09-03-22 |
250 рет қаралған
Ресей қорғаныс министрлігі Путинге өтірік ақпарат берген.
Ресей қорғаныс министрлігі Путинге өтірік ақпарат берген

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы соғысқа әскери міндетін өтеуге шақырылған қатардағы солдаттар да қатысқанын мойындады.

«Өкінішке қарай, әскерге шақырылған қатардағы солдаттардың Украинадағы әскери операцияға қатысқаны жайлы бірнеше факт анықталды. Қазір қатардағы солдаттардың бәрі Ресей аумағына қайтарылды» деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігі.

Ал Путин бұдан бұрын Украинадағы соғыста қатардағы солдаттар жоқ, онда тек қана кәсіби әскерилер соғысып жатыр деген еді. Осылайша, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Путинге өтірік ақпарат берген болып тұр. Мұны Путиннің баспасөз хатшысы Песковтың сөзі де айқындай түседі.

«Украинада арнайы операция басталғанға дейін президент және жоғарғы қолбасшы В.Путиннің тапсырмасымен Украинадағы кез келген тапсырмаға қатардағы сарбаздарды қатыстырмау туралы нұсқау берілген», – деді Песков.

Ресей президенті Путин бұл оқиғаның анық-қанығын зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуды әскери прокуратураға тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.