11-04-19 |
1740 рет қаралған
Сайлау: ОСК 12 миллиард теңге сұрап отыр.
Сайлау: ОСК 12 миллиард теңге сұрап отыр

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге орталық сайлау комиссиясы 12 миллиард теңге сұрап, өтініш берген. Бұл туралы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz

«ОСК бүгін сайлауға 12 миллиард теңге бөлуді сұрап, өтініш берді. Есеп жүргізіп, негіздемесі тексеріліп жатыр. Қортындысын қосымша хабарлаймыз. Бәлкім азаятын шығар. Мұның бәрі есептелген соң белгілі болады» деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, қаражаттың 70 пайызы сайлау учаскелеріне жұмыс істеуге тартылатын адамдардың айлығына кетеді.

Қайыра айтсақ, 9-сәуірде президент Қ.Тоқаев халыққа үндеу жасап, кезектен тыс президент сайлауын жариялаған еді. Сайлау 9-масымда өтеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.