09-04-19 |
2850 рет қаралған
Саяси партиялардың жетекшілерін қабылдаған президент Қ.Тоқаев бүгін халыққа үндеу жасайды.
Саяси партиялардың жетекшілерін қабылдаған президент Қ.Тоқаев бүгін халыққа үндеу жасайды

Бүгін, 9-сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасайды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кеше президент конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді, үкімет басшысы Асқар Маминді, сенат төрайымы Дариға Назарбаеваны және мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдаса, бүгін саяси партиялардың өкілдері:
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады.

Бұған дейін кейбір сарапшылар кезектен тыс президент сайлауы болады деп болжаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.