Біз
әлеуметтік
желіде
02-06-25 |
540 рет қаралған
Стамбулда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің жалғасы басталды.
Стамбулда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің жалғасы басталды

Стамбулда өтіп жатқан Ресей мен Украина делегацияларының талқылайтын бүгінгі тақырыптары «Толық атысты тоқтату».

Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздер басталды.

Украина делегациясын тағы да қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарады, ал Ресей тарапынан келіссөзге президент көмекшісі Владимир Мединский қатысуда.

ABC News мәліметінше, Еуропа тарапынан келіссөздерге Германия, Франция және Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қосылуы мүмкін. Бұл туралы бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог хабарлаған.

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында кездесу алдындағы басты ұстанымдарын жариялады:

Толық және сөзсіз атысты тоқтату;

Тұтқындарды босату;

Ұрланған балаларды қайтару;

Ұзақ мерзімді және сенімді бейбітшілікті орнату үшін – жоғары деңгейдегі кездесу ұйымдастыру.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.