19-01-22 |
530 рет қаралған
Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрін қабілетсіз деді.
Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрін қабілетсіз деді

Президент Қ.Тоқсев жаңа қорғаныс министрін таныстыру кезінде бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты «өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз» деп сипаттап, қаңтар оқиғасы кезінде армия тиісті міндетін атқара алмағаны айтты.

«Армия Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді президент.

Мұрат Бектанов Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылысынан соң, қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.

Қаңтар оқиғасы кезінде армияның қауқарсыздығы анық байқалып, Қазақстан ҰҚШҰ-ның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.