07-03-22 |
410 рет қаралған
Тоқаев: Украинада жағдай ауыр, гуманитарлық көмек көрсетіледі.
Тоқаев: Украинада жағдай ауыр, гуманитарлық көмек көрсетіледі

Президент Қ.Тоқаев Украинада жағдай ауыр екенін және Қазақстан гуманитарлық көмек көрсететін айтты. Бұл туралы президент Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеген.

«Президент Украина дағдарысын өте ауыр деп санайды. Сондықтан бейбіт тұрғындардың бұдан былай жапа шекпеуі және Украина аумағындағы азаматтық инфрақұрылымның толық қирауына жол бермеу үшін қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін қарастыру керек» деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта оларды көзделген жерге көлікпен жеткізу жолдары қарастырылып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.