25-03-22 |
430 рет қаралған
Тоқаевтың жолдауы Будапештте талқыланды.
Тоқаевтың жолдауы Будапештте талқыланды

Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашов Дюла Андраши атындағы университетте Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында жарияланған ауқымды саяси реформалар туралы баяндама жасаған. Бұл туралы СІМ хабарлады.

Дипломат өз сөзінде мемлекеттің тәуелсіздігін саяси, мәдени, экономикалық және әлеуметтік элементтерді қамтитын тұтас процесс ретінде қарастыру керектігін атап өткен.

Елші сондай-ақ, қазіргі заманның сыртқы және ішкі сын-қатерлерін сәтті еңсеру үшін Қазақстан саясат пен қоғамды жаңғыртуға ден қояғанын да айтқан.

Президент Қ.Тоқаевтың елімізде жариялаған жаңа саяси бағыты университет студенттерінің шынайы қызығушылығын тудырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.