06-05-19 |
1740 рет қаралған
Әміржан Қосанов президенттікке кандидат болып тіркелді.
Әміржан Қосанов президенттікке кандидат болып тіркелді

«Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған үміткер Әміржан Қосановты орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына кандидат етіп тіркеді. Бұл туралы ОСК хабарлады.

Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде тіркелу үшін қажетті қолды жинап өткізген.

«Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 129 582 қол рас болып танылды. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі №13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын рас қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрайды» делінген ОСК хабарламасында

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.