Қызылорда қалалық мәслихат депутаттағына кандидаттар денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті. «ZOOM» арқылы онлайн жүйе арқылы кездесу барысында бүгінгі медицинаға бағытталған сапалы қызмет түрі сөз болды. Сонымен бірге, аталған салаға қатысты сайлауалды бағдарлама төңірегіндегі нақты жоспарлармен таныстырды.
Басқосуда Гүлнар Жұмашева, Айна Мұхамбетова және Әнуар Нақып үгіт-насихат қарсаңында ұйымдастырылған шарада сала өкілдері тарапынан көтерілген түрлі мәселелерді тыңдады. Сондай-ақ, үміткерлерге бағытталған сауалдарға жауап беріп, сайлауда аталмыш партияны қолдауға үгіттеді.
Кездесуде көтерілген мәселелердің қатарында ақ халатты абзал жандардың баспана мәселесімен қамту жүйесі мен біліктілік деңгейлерін жетілдіру де қамтылды.
– Сайлауалды бағдарламада медицина саласына қатысты біршама жоспарлар бар. Мәселен, Оңтүстік Корея, Түркия, Израиль, Ресей, Испания елдеріне жыл сайын мамандарды тәжірибеден өткізу мақсатында жолдама қарастырылмақ. Сонымен қатар, арнайы оқу курстарын да жиі өткізу партия ұстанған бағытта қамтылды, – деді үміткер Гүлнар Жұмашева.
Сонымен қатар, өзге кандидаттар қалаға қарасты елді мекендерге дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарда екенін тілге тиек етті.
Тікелей байланыс арқылы өткен кездесуде қатысушылар әртүрлі ұсыныс пікірлерін де жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024