06-01-21 |
530 рет қаралған
Біздің күш-қуатымыз – бірлікте.
Біздің күш-қуатымыз – бірлікте

Аудандық сайлауалды штабында Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаевтың этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Кездесуге ауданның аға буын өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, аудан жастары қатысты.
Спикерлер жиналған аудитория алдында сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті негізгі басымдығы туралы хабардар етті.

– 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды белгіледі, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді,- кандидат Марат Атабаев.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайды.
Бүгінде Шортанды ауданында 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады, 2 этномәдени бірлестік тіркелген – «Дала өлкесіндегі казактар одағы» филиалы және «Поляне» бірлестігі.

– «Nur Otan» партиясының арқасында бүгін біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және болашаққа сеніммен қараймыз, – деп атап өтті спикерлер.

Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін «Nur Otan»партиясы 2025 жылға қарай ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар, мемлекеттік тілді нәсихаттау, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту жұмыстарын жалғастыру, бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бойынша этомәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдау, қасиетті және маңызды жерлер бойынша өлкетану экспедицияларын өткізуге, ауданның киелі жерлерін абаттандыру шараларын алға қояды.

Кездесу пікір алмасумен аяқталып, кандидаттар өздеріне туындаған сұрақтарға жауап беріп, өтініштер мен тілектерді қабылдады.

Кездесуге қатысушылар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтарды қолдайтындарын айтты.

Кандидаттар оларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 10 қаңтардағы сайлауға қатысып, «Nur Otan»партиясына дауыс беруге шақырды.

 

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.