10-01-21 |
520 рет қаралған
Боксшының митингке келгенінен кеткені тез болды.
Боксшының митингке келгенінен кеткені тез болды

Алматыда митингіге шыққан демократиялық партия жақтастарын полиция қоршап тұрғанда қоршаудағы адамдармен сөйлесуге боксшы, олимпиада чемпионы, «Нұр Отан» партиясыннан Алматы қаласы мәслихатына кандидат Ермахан Ыбырайымов (суретте) барған. Ол қоршау ішіне бірнеше рет кірмек болып, қоршаудағы демократиялық партия жақтастары боксшыға: «Ермахан, кет!» деп айқайлаған. Кейін спортшы ол маңнан кетіп қалған. 

10 қаңтар – мәжіліс және жергілікті мәслихаттар сайлауы күні Алматы және Астана қалаларында адамдар митингіге шықты. vlast.kz cайтының деректеріне қарағанда қарағанда, екі қалада полиция жүзге жуық адамды ұстаған.

Алматыда демократиялық партия жақтастары мен «Оян, Қазақстан» қозғалысының жастары шерулетіп жатыр. Полиция отызға тарта адамды ұстағаны хабарланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.