Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына
кандидат, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Елубаев Мәди Сағынтайұлы Шортанды ауданында болып, халықпен бірқатар үгіт-насихат кездесулерін өткізді, көп балалы отбасылардың үйлерінде болып, «Есіктен есікке» акциясына қатысты.
Шортанды ауданының Научный кентінде А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен, республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығының ұжымымен, сондай-ақ Дамса ауылдық округінің, Научный кентінің, Степное ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу орны А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы болды. Ол Қазақстан Республикасының егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталығы болып табылады. 1956 жылы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ретінде құрылып, кейін Бүкілодақтық астық шаруашылығының А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығы болып өзгертілді.
Орталықта ауыспалы егістер, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау бойынша көпжылдық стационарлар бар, түрлі дақылдарды өсірудің агротехникасы бойынша зерттеулер жүргізіледі, бұл топырақ құнарлылығының өзгеруіне, өнімнің шығымдылығы мен сапасының қалыптасуына мониторинг жүргізуге, өсірудің неғұрлым озық жаңа технологияларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Жиналған аудитория алдында сөз сөйлеген Мәди Сағынтайұлы «Nur
Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын белгілеп, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарлар мен міндеттер туралы айтты. Спикер бағдарламаның әр өңір мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жеке міндеттер қойылуымен ерекшеленетінін атап өтті.
Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Ахмедия Қожамсейітов, Галина Горкушева, Меруерт Жылқыбаева қатысты.
Кездесулер диалог түрінде өтті. Мәди Сағынтайұлы қатысушыларға
проблемалар мен мәселелер партияның орталық аппаратына жеткізілетінін бірден түсіндіріп, адамдарды ауылдық жерлерде аз емес проблемаларды белсенді талқылауға шақырды. Оның ішінде – ауыл шаруашылығы саласындағы жалақының төмендігі.
– Ауыл шаруашылығы саласына келетін болсақ, «Nur Otan» партиясы оны одан әрі дамыту міндетін қойып отыр, – деді Мәди Елубаев.
Шортанды ауданында мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа озық технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру бойынша жұмыс жалғасады. 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 70-тен астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін шаралар қабылданатын болады, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру, жалақы 128 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін, – деді спикер.
Ол өзіне сұрақ қойғандардың барлығын мұқият тыңдап, тұрғындарға шағын Отанына немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтты.
Партияның басымдығы – ауыл тұрғындарының тұрақты болашағы мен әл-ауқаты екенін атап өтті.
Үгіт – насихат жұмысы барысында Мәди Елубаев Дамса ауылдық
округінің екі көпбалалы отбасыларына барып, аналармен әңгімелесті, содан кейін «Қайнар» балалар-жасөспірімдер клубының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Халықтың болашақ таңдаушысы тренажер залы мен бассейннің кіретін кешенінің қызметімен танысып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін балалармен және жастармен жүргізіп отырған жақсы жұмысын атап өтті. Содан кейін ұжыммен сөйлесіп, туындаған сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына
кандидаттың барлық үгіт-насихат кездесулерінің нәтижесінде 10 қаңтарда сайлауға келіп, нақты істер партиясына дауыс беруге шақыру айтылды. Өйткені, тек «Nur Otan» партиясы мен партия депутаттары ғана әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту үшін алға қойылған міндеттерге қол жеткізеді.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024