20-12-20 |
1130 рет қаралған
Сұрақтар бақылауға алынды.
Сұрақтар бақылауға алынды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат  Казанцев Павел Олегович Шортанды ауданына келіп, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық белсенділер, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия мүшелері, аудан жастары өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Павел Олегович өзінің құрылған күнінен бастап » Nur Otan » партиясының қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи  партияға айналғанын айтып, өз бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай іске асырып келе жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндап,  » Nur Otan » партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

  • » Nur Otan » партиясының нақты істер партиясы екенін бүгінгі күні атқарылып жатқан істерден көреміз. Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмегін тигізді,- деді кандидат.

Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бақылауға алынды, олар негізінен әлеуметтік сала бойынша, атап айтқанда, ауданда жұқпалы аурулар бөлімшесі мен сот-медициналық сараптаманың жоқтығы, облыстық деңгейдегі жолдардың жөндеуі жөнінде болды.

Кездесуде «Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова мен Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қабылхан Іңкәрім сөз алып, партияның атқарған игі істеріне тоқталды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандағы жөнделген жолдар мен су құбырлары желісі, сондай-ақ  тұрмысы төмен отбасыларға пандемия уақытында көрсетілген көмек жөнінде айтып, мұның өзі еліміздің әр азаматының сіңірген еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Сөз соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Олегович Казанцев 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенді азаматтық көзқарас танытып,  » Nur Otan » партиясы үшін өз дауыстарын беруге шақырды.

 

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.