Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сайлаубек Ещанов Алтынсарин ауданының Қызыл Кордон ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы және алдағы 5 жылға арналған іс-қимыл жоспары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан өзекті мәселелер туралы сұрады.
Ауыл тұрғындары үміткерге Алтынсарин ауданы өңірінің орманды аймағында орналасқан ауылдарында тұруды ұнататындығын, халықтың көшіп кетпейтіндігін – барлық тұрғындар байырғы тұрғындар екенін айтты. Сонымен бірге тұрғындардың өмір сүруіне қиындықтар әкелетін мәселелер де жоқ емес.
Сайлаубек Ещанов айтқандай, әрбір үміткер аймақтағы барлық азаматтармен кең ынтымақтастыққа дайын және ашық болуы үшін халықпен кездесулер өткізеді.
Ауыл тұрғындары кездесуде үміткерден ауыл аумағын орман қорының жерінен шығаруға, сондай-ақ «Жайлау КЗ» демалыс базасынан Қызыл Кордон ауылына дейін автожол салуға көмек көрсетуді сұрады. Бұл мәселелер ауыл тұрғындарын көптен бері толғандырып келеді. Сайлаубек Ерғазыұлы заңнамаға сәйкес аталған мәселелерді шешуге уәде берді.
–Бүгінгі кездесуге келгендеріңіздің өзі ауылдың тағдырына бей-жай қарамайтындықтарыңызды дәлелдейді. Сіздер де біздің партия сияқты ауылда өмір сүруді жақсартуға күш саласыздар. Берген уәдеміз міндетті түрде орындалатындығын айтқым келеді. Сіздердің сенім білдіріп, кездесуге келгендеріңіз қуантады. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін өте маңызды. Ауыл үшін бірге болайық , – деді Сайлубек Ещанов.
Кездесу соңында үміткер сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қражатынан төленді.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024