25-04-23 |
1370 рет қаралған
Жанар-жағармай бағасының қымбаттауы проблемены шешті ме?.
Жанар-жағармай бағасының қымбаттауы проблемены шешті ме?

Соңғы уақытта ең өзекті тақырыптардың бірі Қазақстанда бензиннің 11% ға қымбаттауы. Энергетика министірлігінің айтуынша, баға дәл қазіргі төмен бағада болса, кейін ішкі нарықта тапшылық болуы мүмкін, себебі былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жанармайда жұмысшылар саны 15% өскен. Бұлай жалғаса берсе, жанармай жетіспей қалу қаупі бар, сол себепті бағаны көтеруге тура келген.

Еліміздегі бензин мен дизелдің бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сонымен қатар жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында Аи-92 литріне 182 теңгеден. Дизел бағасы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 260 теңге. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және өзге облыстардың барлығында литріне 230 теңгеден сатылады. Сондай-ақ жобада жанар-жағармай бағасы күннен күнге қымбаттайтыны да айтылған.

Болат Ақшолақов Энергетика министірінің міндетін атқарушысы жанармайыдың қымбаттауы азық тулік пен тауарлардың бағасы болмашы өзгеріске ұшырауына себеп болады деп айтқан.

Менің ойымша бензиннің қымбаттауы таксистерге такси бағасын қымбаттатуға сылтау болмақ, себебі мен ауылда тұрамын қалаға автобуспен немесе таксимен қатынаймын. Бұрындары Тайтөбе-Қосшы аралығы 150 теңге болатын. Жылдар өте 200 теңгеге көтерілді. Ал қазір 400 теңгеге жеткен, егер таксидің бағасы көтеріле беретін болса, қарапайым халық бас көтеруі мүмкін. Айлықтың аздығы, тауарлардың қымбаттығы халыққа қатты қиындық туғызуда.

Экономика министрлігі бұл істі қолға алмаса, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлай түспек. Сол себепті қазірден жұмыстар жүргізу керек. Шикізатты емес, шикізаттан өндірілген тауар жасалып экспортқа өнім шықса, экономика жақсара түспек.

Айбота Ұланбек
1-курс студенті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.