10-12-18 |
3510 рет қаралған
Алдын алу медицинасы – ХХІ ғасырдағы денсаулық сақтаудың негізгі тренді.
Алдын алу медицинасы – ХХІ ғасырдағы денсаулық сақтаудың негізгі тренді

Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс  жөніндегі орынбасары Шалғынбай Баймағамбетов Мемлекет басшысы Жолдауының басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту туралы айтты.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауы – Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы Қазақстанның жүйелі модернизациясы шараларының нақты бағдарламасы.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Елбасы бірқатар басым бағыттарды анықтады, оның ішінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, әсіресе ауылдық жерлерде, ауруларды алдын-алу және емдеуде жаңа технологияларды қолдану.

Мемлекет үшін тиімділігі аз және шығыны көп диспансерлік ем қолданудан, негізгі созылмалы ауруларға дистанционды диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.

Заманауи денсаулық сақтау қымбат стационарлық емделуге емес, аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлуі керек. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды күшейту қажет. Жастардың репродукциялық денсаулығын қорғау мен күшейтуге ерекше назар аудару қажет.

Алдын алу медицинасы – ХХІ ғасырдағы денсаулық сақтаудың негізгі тренді. Ақпараттық жүйелерді, мобильдік цифрлық қосымшаларды біріктіру, электрондық денсаулық паспортын енгізу, медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшуді қолдана отырып, денсаулық сақтау саласындағы  қызметтерді барынша жақсартуымыз қажет.

Елімізде мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне кезең-кезеңімен көшу жалғасуда. Оны енгізу қажеттілігі заманауи шындықпен мәжбүрленді және әлемдік тәжірибемен расталды.

Халық санының өсуі және өмір сүру ұзақтығы медициналық қызмет тұтыну көлемінің өсуіне әкелді. Сондықтан Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындарды ЖІӨ-нің 7% -дан 10% -ға дейін көтеру туралы нақты тапсырма берді.  Халыққа қызмет көрсетудің сапасын айтарлықтай арттыратын жоспарланған реформалар жүзеге асырылады. Бұл үшін келесі жылы 5 млрд.теңге бөлінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.