13-04-21 |
510 рет қаралған
Алматы облысына бірнеше бекет орнатылды.
Алматы облысына бірнеше бекет орнатылды

Алматы облысының Көксу ауданы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбеюіне байланысты жабылды. Аймаққа күндізгі бақылау бекеттері орнатылды.

Алматы облысында барлығы 9 бақылау бекеті орнатылды. Жұмысқа облыстық полиция департаменттерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысады. Бақылау бекеттері аудан бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын одан әрі болдырмау үшін орнатылды.

Сонымен қатар, ауылдарда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп топпен жүруге тыйым салынады. 65-тен асқан адамдарға далаға шығуға тыйым салынады. Бетпе-бет кездесулерге және кез келген көпшілік шараларға тыйым салынады.

«2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша, коронавирустық инфекциямен аурушаңдық сәуір айында Алматы облысының Көксу ауданында 128 жағдайға дейін өсті. Ағымдағы жылдың наурыз айында 85 жағдай тіркелді. Аймақта індеттің өсу қарқыны, соңғы 2 аптада 1,6 пайыздан (29 наурыз – 4 сәуір) 2,2 пайызға дейін өсті (4 сәуір – 11 сәуір). Өткен тәулікте 12 науқас тіркелді, өсу қарқыны 1,9 пайызды құрады», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.