29-11-22 |
290 рет қаралған
Алматыда ақша жымқырды деп айыпталған компания басшыларына қатысты тергеу аяқталды.
Алматыда ақша жымқырды деп айыпталған компания басшыларына қатысты тергеу аяқталды

ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша «AlanParking» ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды. ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.