05-05-23 |
710 рет қаралған
Алматыда мопед жүргізушісі автобусқа оқ атты.
Алматыда мопед жүргізушісі автобусқа оқ атты

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында мопед жүргізушісі жолаушылары бар автобусқа оқ атты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мопед жүргізушінің кім екені анықталған.

«Оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы қаласы Түрксіб ауданында болған. Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ. Мопедистің жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде жүргізілуде», – деп хабарлады полициядан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.