14-08-22 |
370 рет қаралған
Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, бір адам қаза тапты.
Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, бір адам қаза тапты

Ақмола облысының Тайтөбе ауылында белгісіз зат жарылып, бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды.

«Бүгін 14 тамызында Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында 1981 жылы туған үйдің иесі қаза тапты, тілімделген жараларымен Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды», – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспаөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.