07-10-21 |
760 рет қаралған
«Астана LRT» ісі аппеляциялық сатыда қайта тергеуге жіберілді.
«Астана LRT» ісі аппеляциялық сатыда қайта тергеуге жіберілді

Нұр-Сұлтан аппеляциялық сот алқасы
«Астана LRT» ісі бойынша қылмыстық істі прокуратураға қайтарды. Осыған дейін шыққан сот үкімінің күші жойылды.

«Сот алқасы қаулы етеді: 2021 жыл 28 мамырдағы Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Қасабаев, Мусенов, Әбдіхамитовқа қатысты қылмыстың іс бойынша ауданаралық мамандандырылған сот үкімінің күші жойылсын. Қылмыстық істі Қылмыстық-процестік кодекстің 323 бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы прокурорына істі соттың қарауына кедергі келтіретін жағдайларды жою үшін қайтарылсын», – деді судья Абай Көкжалов

Сот айыпталушылардың қамауда қалатынын және бұлтартпау шараларының мерзімі істің прокуратураға түскен уақыттан 1 айға ұзартылатынын атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.