05-05-21 |
1860 рет қаралған
Атырауда бесінші баласын қоқысқа тастаған ананың соты басталды.
Атырауда бесінші баласын қоқысқа тастаған ананың соты басталды

Атырауда жаңа туған баласын қоқысқа тастаған келіншектің ісі сотқа жетті. Төрт баласы бар ананың бесіншісі перзентін қатыгездікпен өлтіру себебі жабық сот отырысында айтылады.

Айыпталушы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 35 жастағы тұрғыны. Үйінің дәретханасында босанған келіншек нәрестесін қоқыс алаңына лақтырған.

Сот процесі онлайн өтуде, ал айыпталушы ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Қылмыстық іс «Жаңа туған баланы анасының өлтiру» бабымен қаралып жатыр.

Төрт баласы бар келіншек күйеуімен бірге тұрады. Белгілі болғандай, айыпталушы бесінші баласына жүкті кезде дәрігерге қаралып, есепте тұрмаған.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.