19-09-21 |
860 рет қаралған
Ауғанстанда өзбек тілі ресми тіл мәртебесінен айрылды.
Ауғанстанда өзбек тілі ресми тіл мәртебесінен айрылды

Ауғанстанда өзбек тілін ресми мәртебесінен айыратын уақытша заң шықты.

 

«Негіздер» деп аталатын қабылданған заңға сәйкес, Ауғанстанда тек пушту мен дари ғана мемлекеттік тіл болып қала береді, ал ханафи мазхабының сунниттік исламы жалғыз ресми дін болып танылады. Сонымен қатар, елде әлі де айтарлықтай маңызға ие шииттер қауымы бар екені және солтүстік провинцияларда өзбек тілінде сөйлейтін халықтың көп тұратыны айтылады.

Заң сонымен қатар Ауғанстанда ислам заңгерлері кеңесі мен жоғары кеңес құруды көздейді, оның құрамына әр аймақтың саясаткерлері, ғалымдары мен дінбасылары кіретін болады. Атқарушы биліктің басшысы – президент болып, оны азаматтар мен жоғары кеңес мүшелері сайлайды.

Бұған дейін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов «Талибан» қозғалысы өзбек билігіне Ауғанстандағы өзбек тілінің ресми мәртебесін сақтауға кепілдік беретінін айтып, оның аталған елде зерттелуіне және дамуына ықпал етуге уәде бергенін айтқан.

«Талибан»* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым 
 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.