23-04-21 |
3050 рет қаралған
Ауызашарда жүрген ақтөбелік депутаттар ұятқа қалды.
Ауызашарда жүрген ақтөбелік депутаттар ұятқа қалды

Ақтөбеде іскер әйелдермен еріп, ауызашарға барған депутатар ұятқа қалды. Әлеуметтік желіге жүктелген видео көпшіліктің наразылығын тудырды.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова мен қазіргі жергілікті кәсіпкерлер палатасының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Сұлупан Шынтасова қатысқан видео тарады. Олармен қоса дастархан басына қаланың іскер әйелдері жиналған.

Өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатқан кезде халық қалаулыларының бұл әрекетіне наразы болғандар көп.

Депутат Сұлупан Шынтасова өзін кінәлі сезінетінін және айыппұл төлеуге дайын екенін айтты.

«Енем қайтыс болғасын мені ол жерге ауызашарға, көңілшайға шақырды. Маған құрмет көрсетіп шақырғасын бардым. Кінәм бар. Мен айыппұлды төлеймін. Бұл жағдай үшін халықтан кешірім сұраймын», – дейді Сұлупан Шынтасова.

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова да өңір «қызыл» аймақта тұрғанда басқосуға барғаны дұрыс болмағанын жеткізді.

Ал желіде тараған видеоға Ақтөбе облысының бас санитария дәрігері түсініктеме беріп, бақылауға алатынын жеткізді.

«Ұжымдық іс-шара барлық әлеуметтік желілерде тарады, мен оны көрдім. Бүгін таңертең біз қала әкімдігі жанындағы мониторингтік топқа барлық қатысушыларды анықтау үшін видео және фотосурет жібердік, олардың бәріне және мекеменің иесіне де әкімшілік шаралар қолданылады», – деді Нұрсұлу Беркімбаева.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.