12-05-23 |
590 рет қаралған
Автосалондар қосымша жабдықтарды заңсыз сатып келген.
Автосалондар қосымша жабдықтарды заңсыз сатып келген

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің хабарлауынша, елімізде жаңа жеңіл автомобильдерді сатып алушыларға салондарда қосымша қызметтерді, құрылғылар немесе аксессуарларды міндеттеп сату деректері жиі кездеседі.

Автодилерлердің мұндай әрекеттері ӨР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының нормаларына қайшы келеді.

«Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Алматы қаласының хабарламаларға мониторинг жүргізіп, онда автодилерлер көлікті сату кезінде клиенттерге қосымша қызметтер мен аксессуарларды іс жүзінде міндеттейтіні анықталды. Автосалондардың мұндай әрекеттері заң нормаларына қайшы келеді», – делінген комитет хабарламасында.

Ақпараттық іс-шаралар барысында Заңның 8-1-бабына сәйкес, сатушы тұтынушымен жасалған шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуі тиіс екені түсіндірілді.

«Заңның 28-бабына сәйкес, сатушы өзінің жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға қолайлы уақытта тиісті сапалы тауарды еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды қажетсіз мөлшерде және ассортимент сатып алуға мәжбүрлеуге және белгілі бір тауарларды сатып алуды, басқа тауарларды міндетті түрде сатып алуға негіздеуге тыйым салынады», – делінген хабарламада.

Тұтынушыларға жаңа автомобильдерді сату кезінде, қосымша опцияларды орнату тек сатып алушының келісімімен жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн.

«Мысалы, клиенттер сатып алмаған жаңа көліктерді сату кезінде, қосымша опциялар орнатылған көлікке, қосымша жабдықтың құны және оны орнату жаңа көліктің құнына қосылады. Мұндай жағдайларда сатып алушы осы жабдықты бөлшектеумен шығыстарға келіскен жағдайда қосымша жабдықты бөлшектеуді талап етуге құқылы. Бірақ сатып алушы көлікті қосымша жабдықсыз сатып алуға құқылы екенін есте ұстаған жөн», – дейді ведомство өкілдері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.