25-09-22 |
870 рет қаралған
«Байтақ» жасылдар партиясы құрылтай съезін өткізді.
«Байтақ» жасылдар партиясы құрылтай съезін өткізді

Сенбі күні Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының құрылтай съезі өтті.

Жиын барысында құрылтай құжаттары мен бағдарламасы қабылданып, партия басшылығы сайланды. Съезге қаладағы бірнеше университеттің стедунттері мен әскери-техникалық мектептің оқушылары қатысты. Оған қоса аймақтардағы экологиялық проблеманы көтеріп жүрген делегаттар да төбе көрсетті.

«Қазақстан расымен де жаңа дәуірге аяқ басты. Осы кезде біз жасылдар партиясын құрмақпыз. Біздің партия Екінші Республикадағы Жаңа әрі әділетті Қазақстанның тірегі болады. Әрине, саясат – үлкен нәрсе. Денсаулық сақтау, тәрбие, әлеуметтік мәселе – дер кезінде шешілуі керек. Сол үшін біз келесі жылы өтетін парламент пен мәслихат сайлауына қатыспақпыз. Жоқ дегенде миллион дауыс жинауымыз керек», -деді жиында сөз сөйлеген Азаматхан Әміртай.

Съез барысында Азаматхан Әміртай жасылдар партиясының төрағасы болып сайланды.

Фото: vlast.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.