18-08-23 |
500 рет қаралған
Билік Qazaq air компаниясын сатады.
Билік Qazaq air компаниясын сатады

«Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларының 49%-дан 100%-ға дейінгі үлесін сату бойынша ашық тендер басталғаны туралы хабарлады.

Әуе компаниясының сайтында хабарланғандай, акцияның ең төменгі бағасы – 10,2 млрд теңге, инвесторлардың өтінімдері 28 қыркүйекке дейін қабылданады.

2015 жылы мемлекет қолдауымен құрылған Qazaq Air әуе компаниясы 2022 жылы оң операциялық пайдаға қол жеткізген. Соған қарамастан, Қазақстан үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес осы жылдың соңына дейін жекеменшікке сатылады. Жеке инвесторды тарту қазақстандық әуе тасымалы нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға, соның ішінде Qazaq Air рейстерінің географиясын кеңейтуге, әуе паркін ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған, – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе тасымалдаушының сайтында «Самұрық-Қазына» қоры акцияларының 49%-дан 100%-ға дейін сатуды жоспарлап отырғаны, оның ең төменгі құны 10,2 млрд теңге болатыны атап өтілген. Аукцион екі кезеңде өтеді. Оған қатысу үшін өтінім беріп, 173,4 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу керек.

Кепілдік жарна төленген ақша сомасы қайтарылмай, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда қорда қала отырып, толық және сөзсіз келісім ретінде төленеді. Кепілді жарнаны қайтару шарттары да тендерлік құжаттамада көрсетілген, – делінген компания хабарламасында.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 28 қыркүйекте аяқталып, қорытындысы 15 желтоқсанда шығарылады.

Qazaq Air әуе компаниясы Қазақстан нарығының 7 пайыздық үлесін алады. Иелігінде бес ұшағы бар, 22 бағыт бойынша бағдарды орындайды, оның – 16-сы отандық, 6-ы шетелдік. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылы жолаушылар тасымалы 561 мың адамды, кіріс 20,4 млрд теңге болған.

Arasha.kz

ФОТО: polet.me

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.