15-06-23 |
430 рет қаралған
Былтыр 4 мың қазақстандық АИТВ жұқтырған – Министр.
Былтыр 4 мың қазақстандық АИТВ жұқтырған – Министр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 15 маусымда сенат отырысында Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ инфекциясын жұқтыру фактілеріне қатысты пікір білдірді.

Ажар Ғиният ақпарат министрлікке жеткенін айтты. Енді дәрігерлер инфекция аурухана ішінде тарап кетуін болдырмауға тырысып жатыр.

«Тексеруден өткен бойда біз толық ақпарат береміз. Енді толық эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, инфекцияның ошағын, жұқтыру жолын, ауруханаішілік инфекция болған-болмағанын түсінуіміз керек. Ол жерге министрлік пен комитеттер жіберілді», – деді Ажар Ғиният.

Ол 2022 жылы 4 мың қазақстандық АИТВ жұқтырғанын айтты. 2021 жылы 3,5 мың жағдай тіркелген еді.

Еске салайық, 14 маусым күні Алматының ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасынан АИТВ жұқтырған үш жағдайды анықтаған еді.

Анықталған фактілер негізінде Алматы қаласы УОХ-тың 2 маусымдағы бұйрығымен бөлім басшысының орынбасары мен қалалық ЖИТС орталығының қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.