09-02-23 |
390 рет қаралған
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты департамент қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді.
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты департамент қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған мәлімет бойынша, жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленді.

«Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Ведомство жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.