03-09-22 |
320 рет қаралған
Ел игілігіне арналған игі қадам.
Ел игілігіне арналған игі қадам

Жаңа қезеңге қадам бастық. Айналамыздағы саяси ахуалдарға қарап, етек-жеңімізді жинап, қоғам игілігіне қарй бағыт түзеуіміз керек. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Халыққа Жолдауын жариялады. Бұл жолы Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басымдық беріп отыр. «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсетеміз» дегені – осының нақты мысалы.

Біздің көңілімізден шыққан тағы бір дүние – «Жайлы мектеп» жобасы. Оқу жылы басталды. Балалардың қажеттілігі қандай? Оның мектеп формасы дайын ба?  Оқушы алаңдамай білім алуы тиіс.  «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.   Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды.  Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын.  Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн» дейді Президент Жолдауында.

Одан бөлек, бала 18 жасқа толғанша  Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаражат аударылатын болды. «Ұлттық қор – балаларға!» атты жаңа бағдарлама –  халықтың әлеуметтік тұрмысын оңтайландыратын жобалардың бірі . Ең оңтайлы шешім. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың  үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді.  Әрі қор да ел игілігі үшін қызмет ететін болады.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әлібек АСҚАР.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.