10-07-23 |
1480 рет қаралған
Еліміздің 9 банкі жабылады.
Еліміздің 9 банкі жабылады

Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі 9 банк жабылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеген болатын.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасын келісуден бас тартқан болатын.

Жабылатын банктер тізімі:

Валют-транзит банк;

Казинвестбанк;

Delta Bank;

Эксимбанк Қазақстан;

Астана банкі;

Qazaq Banki;

Tengri Bank;

AsiaCredit Bank;

CapitalBank Kazakhstan.

9 банк жабылады деп атын дардай еткенімен, бұған дейін бұл банктер онсызда жұмыс істемейтін. Мысалы Валют-транзит банк, Астана банкі және Tengri Bank пен Qazaq Banki осыдан бірнеше жыл бұрын жұмысын тоқтатқан болатын. Тіпті осы банктердің салымшылары тиесілі ақшасын ала алмай, біраз шу болғанын ұмыта қойған жоқпыз.

Arasha.kz

ФОТО: zonakz.net

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.