29-08-22 |
740 рет қаралған
Елімізде «Respublica» атты жаңа партия құрылатын болды.
Елімізде «Respublica» атты жаңа партия құрылатын болды

Кәсіпкер Сырымбек Тау «Respublica» атты жаңа партия құратындарын мәлімдеді.

«Біз көп ойлана келе “Respublica” атты партия құруға шешім қабылдадық.
“Әуелі өзіңді түзе, артынан төріңді түзе, бірлікпен еліңді түзе” деген қазақта жақсы сөз бар. Осындай, қиын-қыстау кезеңде елге еңбек етуге бел будық.
Сондықтан, “Respublica” атты партияны құрып, ары қарай жастарымызбен бірге дамимыз деген ойдамыз», – деді кәсіпкер.

Сонымен қатар ол болашақ партияны неліктен «Respublica» партиясы деп атағандарын түсіндірді.

«Латын тілінен аударғанда ол «ортақ іс» деген мағынаны білдіреді. Сіздер де бізді қолдайды деген ойдамыз. Елімізді көркейту барлығымыздың “ортақ ісіміз”!»,- деді ол.

Желі қолданушыларының жазуынша, бұл партияны Сырымбек Тау, Бейбіт Әлібеков, Қуаныш Шонбай сынды кәсіпкерлер бірігіп құрып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.