03-04-23 |
370 рет қаралған
Еліміздегі жанар-жағармай бағасының төмендігі оны шетелге қайта сатылуына себеп болып отыр.
Еліміздегі жанар-жағармай бағасының төмендігі оны шетелге қайта сатылуына себеп болып отыр

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өнделеді.

Соңғы 5 жылда Біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды – 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін). Өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордтық көрсеткіш – 5,2 млн тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық. Осы орайда, экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқ, – деп атап өтті Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт.

Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна.

Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорцияда болып отыр екен. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында.

Мысалы үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат – литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық – 101 пайыз.

Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50%-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.