15-08-22 |
800 рет қаралған
Елорданың құрылыс саласы сан алуан.
Елорданың құрылыс саласы сан алуан

Елордада тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстың маңызды элементі – газ блоктарын шығаратын ірі зауыт жұмысын сәтті іске асырып отыр.

Зауыттың өкілі Ерлік Жаманғозовтың айтуынша, кәсіпорынның негізі 2015 жылы қаланған. Мекеме «Rongshun Astana Building» ЖШС-не тиесілі. Отандық кәсіпорын Инвестициялық комитетпен инвестициялық келісімшарт бойынша іске қосылға, яғни инвестордың өз қаржысы есебінен салынған. Кәсіпорынның құрылтайшысы ҚХР азаматы Лу Жун және соның ақшасына тұрғызылған. Деген компания Қазақстандық болып саналады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен мекеме арасында жасалған келісімшарт бойынша компания міндетті түрде қазақстандық болуы керек. Мұндағы дүние-мүліктің барлығы компанияның иелігінде. Келісімшарт 2027 жылға дейін жарамды.

«Қазір министрлік қойған талаптың барлығын сақтап отырмыз. Жасалған келісімшарт бойынша бұл компанияға 6 млрд теңгеге жуық қаражат саламыз, қазір бюджеттің 4,5 млрд теңгесі игерілді. Оның 2 млрд зауыттың құрал-жабдығына бағытталған, жабдықтың барлығы автоматтандырылған. Қалған қаражат жұмысшыларға жағдай жасауға бағытталды, яғни кеңселер, контора, өндіріс базасы, қойма салу мен жер телімін алуға жұмсалды»,-деді Ерлік Жаманғозов.

Сонымен қатар ол 2021 жылы 40 млн теңгеге жуық салық төлегендерін айтты.

«Ал, 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында 35 млн теңгеге жуық салық төледік. Оған қоса елордада орналасқан ірі компаниялармен бірге ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде Bi grup, Mag, Bazis сияқты компаниялар бар»,-деді ол.

Компанияда қазір 50-ден астам адам жұмыс істеп жатыр, оның барлығы Қазақстан азаматтары.

Компания алдағы уақытта өндіріс көлемін кеңейте түсуді мақсат етіп отыр. Зауыттың өндірістік күшін арттыру үшін басшылығы тағы инвестиция салмақ. Кәсіпорын қазір тәулігіне 400-500 куб өнім шығарады, алдағы уақытта өнім шығаруды 600-800 кубке дейін арттыруды көдеп отыр.

Айтуларынша, елордадағы құрылыс компаниялардың барлығымен жұмыс істейді, өнімдері сұранысқа ие. Экологияға ешқандай зияны жоқ, қалдығына дейін дайын өнім болып шығады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.